|
13.01.2022 | 09:30
3358

Алматы әуежайының жұмысы жанданды

Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады

Алматы әуежайының жұмысы жанданды фото из открытых источников

Алматы әуежайы жұмысын қалпына келтіргеннен кейін алғашқы жолаушылар «Алматы—Нұр-Сұлтан» бағытында сапар жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады. 

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан-Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келесі рейстерді орындау жоспарлануда: 

Эйр Астана KС-601 Алматы (10-40) - Нұр-Сұлтан (12-25) 

Нұр-Сұлтан (13-25) - Алматы (15-05) 

KС-609 Алматы (16-10) - Нұр-Сұлтан (17-55) 

Нұр-Сұлтан (18-55) - Алматы (20-35)

SCAT DV-713 Алматы (12-00) - Нұр-Сұлтан (13-40)

 DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) - Алматы (16-05)

 Qazaq Air IQ-353 Алматы (06-55) - Нұр-Сұлтан (08-55)

 IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) - Алматы (11-25)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир