Абай облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды
Абай облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгін, таңертеңгі сағат 06:30-да республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырым арылығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына салынған тыйым алынды», - делінген мәліметте.