Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасына жазды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйде көлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішіп, көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 27, 2019