|
26.09.2019 | 11:34
7149

Қазақстанда пойыз билеті қымбаттады

Қазақстанда пойыз билеті қымбаттады

Қымбатшылық қамытын қайта кидік. Елімізде енді, пойыз билеттерінің бағасы шарықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ, әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бағытында жүру құны 10 пайызға көтерілді.

Жалпы әлеуметтік бағыттардың саны 39 екен. Оның 28-інде билет бағасы өссе, Нұр-Сұлтан - Сарыағаш, Қызылорда - Семей, Атырау - Маңғыстау, Павлодар - Пресногорьковская, Алматы - Жезқазған, Алматы - Маңғыстау, Нұр-Сұлтан - Арқалық, Қарағанды - Сарыағаш, Алматы - Семей, Алматы - Достық, Павлодар - Қызылорда бағыттарына қатынайтын пойыздарда баға әзірге өзгеріссіз.

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бағытындағы  пойыз билеттері

№ 085/086 Нұр-Сұлтан - Сарыағаш

№ 021/022 Қызылорда - Семей

№ 313/314 Атырау - Маңғыстау

№ 339/340 Павлодар - Пресногорьковская

№ 373/374 Алматы - Жезқазған

№ 377/378 Алматы - Маңғыстау

№ 603/604 Нұр-Сұлтан - Арқалық

№ 085/086 Қарағанды - Сарыағаш

№ 021/022 Алматы - Семей

№ 22/6941/6942/21 Алматы - Достық

№ 339-55/56-154 Павлодар - Қызылорда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир