Құрам вагондары этностильде безендірілген
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.
Тальго этнопойызы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.
Оқи отырыңыз: Наурыздағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді