Саин көшесінде көлік жылдамдығы 80-ге өзгеретін болды

27.08.2019 17:35

Бағанашылдан Қожановаға дейін және кіші Желтоқсан көшесіне айналар тұстағы аумақта жылдамдықты 60 тан асыруға болмайды

prosedan.ru

Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері Саин көшесіндегі жылдамдықты өзгертуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен түннен бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы көлік жылдамдығы сағатына 80 шақырымға көтеріліп, Саин көшесі 60-пен қалған еді. Сонымен қатар, Бағанашылдан Қожановаға дейін және кіші Желтоқсан көшесіне айналар тұстағы аумақта жылдамдықты 60 тан асыруға болмайды. Ал, бүгін полиция департаментінің өкілдері қайта сараптама жасап, Саин көшесіндегі жылдамдықты өзгертуге шешім қабылдаған. Жол белгілері жұмыс күнінің соңына дейін түгел ауыстырылып бітуі керек. Барлық бейнебақылау камералары қайта теңшелген.