|
28.09.2022 | 09:59
4090

Алматы төңірегіндегі ҮАААЖ 85 пайызға дайын - құрылысшылар

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыс аяқталған

Алматы төңірегіндегі ҮАААЖ 85 пайызға дайын - құрылысшылар kolesa.kz

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы 85 пайызға аяқталды. Бұл туралы "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" компаниясының ресми сауалға берген жауабында көрсетілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құрылысшылардың айтуынша, ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырым болса, оның 50 шақырымына соңғы асфальт қабаты төселген.

Бүгінде асфальтбетон қабаттарын төсеу жұмыстары мынадай ретпен орындалды:

кеуекті асфальтбетон қабаты - 64,27 шақырым;

тығыз асфальтбетон қабаты - 64,19 шақырым;

модификацияланған полимерлі битуммен қиыршықтас-мастика асфальт қабаты - 50,26 шақырым.

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыс аяқталғаны атап өтілді. Ол тасжолдың бүкіл ұзындығы бойынша аяқталған.

Ерекшелік - тек 45-тен 47-шақырымға дейінгі учаске. Сондай-ақ, үш жолайрықтың шығаберісіне әлі асфальт төселмеген:

ҮАААЖ Алматы - Бішкек тасжолы қиылысында;

ҮАААЖ Алматы - Шамалған тасжолы қиылысында;

ҮАААЖ Комсомол - Жапек батыр тасжолы қиылысында.

ҮАААЖ салынатын 40 жолайырық пен көпірге келетін болсақ, олардың бәрі дерлік салынды.

"39 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 36 учаскеде асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Жеті жолайрықтың бәрінде жол өтпелерін (жолайрықтан түскен жердегі тасжолмен қосынды) салу жұмыстары аяқталды. Үш жолайрықта өтпелер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған төрт өтпенің құрылысы аяқталды, онда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырықтар бойынша жұмыстарды орындау - 90 пайыз. Жалпы, ҮАААЖ жобасының өзі бүгінде 85 пайызға дайын", - деді компания өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир