Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жобаны іске асыру жалғасып жатыр
«Мектеп автобусы» жобасы Жетісу ауданындағы 4 мектепке қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жобаны іске асыру жалғасып жатыр.
«Мектеп автобусы» жобасы аясында Жетісу ауданында мектеп оқушыларын тасымалдауға аса мұқтаж 4 мектеп таңдап алынды. Бұл № 80, 87, 112 және 193 мектептер.
Осы мақсатқа 16 арнайы автобус бөлінеді, оның үшеуі осы наурыз айында балаларды №193 мектепке тасымалдауды бастайды. Қалған автобустарды үш мектепке жеткізу осы жылдың маусым айына жоспарланған», - деді қала әкімі.