Ақтүтек боран мен көктайғақ салдарынан Қазақстанның 9 облысында жол жабылды

Pv.uz
Pv.uz
Шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы, ол 637 шақырымды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 7429 шақырымды құрайтын 61 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 29,8% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, жол қозғалысы 9 облыста жабық. Оның ішінде ең көп жабылған жол учаскелері Ақмола облысына қарасты. Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Мұнда 637 шақырым жол жабық.

Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс істеуде. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады. »ҚазАвтоЖол« ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.

Новости партнеров