Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тиісті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 8-12 маусым аралығында мотоцикл жүргізушілерінің ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау үшін қала жолдарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жыл басынан бері жол жүру ережесін бұзған 327 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл көлік түрін басқаратын кейбір азаматтар өрескел заң бұзушылықтарға жол беріп, апаттық жағдай туғызатыны жасырын емес. Мұндай қылмыстық абайсыздық жиі ауыр зардаптары бар апатқа әкеп соғады», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.
Осыған байланысты, тыныштықты бұзу деректерін алдын алу мақсатында рейдтер түнгі уақытта жүргізіліп жатыр.