|
20.04.2022 | 10:20
737

Қазақстан мен Тәжікстан арасында әуе рейстер саны көбейеді

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

Қазақстан мен Тәжікстан арасында әуе рейстер саны көбейеді Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің саны көбейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Somon Air тәжік әуекомпаниясы биыл 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматыға халықаралық рейс санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін арттырады. Сондай-ақ 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін артпақ.

Осылайша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Айта кетейік, бұған дейін 29 сәуірден бастап Беларусьтің "Белавиа" авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейс санын арттыруды жоспарлап отырғаны хабарланды.

Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін артады. Осылайша екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир