Наурызбай ауданында 200 көше жөнделеді
ашық дереккөзден
Жұмысты аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Наурызбай ауданының барлық шағынауданында 200 көшені қамтитын 55 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал биыл жолды жөндеуге бөлінген сома 500 млн теңгеге дейін ұлғаяды.
Сонымен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мамыр айында Ақжар және Шұғыла ш/а 25 көше бойынша 6 км жол сала бастады. Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Шұғыла шағынаудандары мен Абай саяжайларындағы 10 көшеге 3 тротуар жасалды.. Сондай-ақ, 16 көшедегі 14 км жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмысты аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33