|
05.02.2021 | 10:21
4192

Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Биыл қаңтар айында қоғамдық көлік жүргізушілері 280-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзған

Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде haberler.com

Алматы полицейлері осы күндері шаһар жолдарында қаладағы көлік жағдайын тұрақтандыруға, сондай-ақ автобус пен троллейбус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтауға бағытталған «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында 1 мың 899 қоғамдық көлікке ие 21 автопарк бар. Биыл қаңтар айында қоғамдық көлік жүргізушілері 280-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзған. Олар көбінесе көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге (110 факт), сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзуға (114 факт) жол береді.

«Патрульдік полиция қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан келесі заң бұзушылықтарды анықтады: жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2 және 3-бөліктері) – 13 факт, көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі) – 5 факт, жол жүру алдындағы техникалық байқаудың болмауы (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 8-бөлігі) – 12, міндетті техникалық байқаудың болмауы (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігі) – 5, қарама-қарсы жолаққа өту (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі) – 3, жұмыс және демалыс режимін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабының 2-бөлігі). Сонымен қатар автопарк басшыларының ішінен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир