2019 жылдың соңына қарай елімізде тіркелген көліктердің саны 3,8 миллионға жеткен
Қазақстандағы қолданыста болғанына 10 жылдан асып кеткен көліктердің үлесі 60 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 2019 жылдың соңына қарай елімізде тіркелген көліктердің саны 3,8 миллионға жеткен. Бұл – 2018 жылдың соңындағы көрсеткіштен 6,9 пайызға артық. Көліктердің көбі Алматы облысында 492,6 мың (0,5 пайызға аз) тұрса, одан кейінгі сатыда Алматы қаласы мен (469,7 мың) мен ШҚО (295 мың) тұр.
«Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы қолданыста болғанына 10 жылдан асып кеткен көліктердің үлесі артып келеді. 2019 жылдың соңына қарай олардың саны 2,5 миллионға жеткен. Одан кейінгі орында пайдаланғанына 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықтағы көліктер тұр. Қолданыста болғанына 3 жылға дейінгі көліктердің саны бірден 23,3 пайыз азайып, 397 мың болып отыр», - деп хабарлайды ақпарат көзінен.
«Қазақстанда 2019 жылы жалпы 806,8 мың жеңіл автокөлік есепке тіркелген (2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайызға аз). Олардың 516,3 мыңы немесе 64 пайызының – жүргеніне 10 жылдан асып кеткен. Елімізде сондай-ақ, 3 (12,8 пайызға) және 3-7 «жас» (0,7 пайызға) аралығындағы көліктердің де өсімі байқалады.