Алматылық полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады
Depositphotos.com
Өткен тәулікте қалада 158 ЖКО тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және мұқияттылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаны болдырмауға септігін тигізеді», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Алматы ПД ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 158 ЖКО тіркелді, оның 25-і - жарақат алғандармен. Қайтыс болғандар жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31