|
18.03.2019 | 10:25
3933

Fly Arystan әуе билеттері наурыз айының соңында сатыла бастайды

Қазақстанның FlyArystan авиакомпаниясы 2019 жылдың мамырынан бастап коммерциялық рейстерді орындайды деп күтілуде

Fly Arystan әуе билеттері наурыз айының соңында сатыла бастайды Sputnik Казахстан

FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы 2019 жылдың 29 наурызынан бастап  коммерциялық рейстерге билеттер сатылымын бастайды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның FlyArystan авиакомпаниясы 2019 жылдың мамырынан бастап коммерциялық рейстерді орындайды деп күтілуде. Әуе компаниясы Алматыдан Астана, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз қалаларына күнделікті ұшатын болады. Жоспарға сәйкес, бастапқы кезеңде компанияның әуе флоты «Эйр Астана» әуекомпаниясының 180 орындық эконом-сыныпты Airbus A320 ұшақтарынан құралмақ. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің саны 15-ке жетеді.

«Лоукост тасымалдағыштардың дәстүрлі авиакомпаниялардың бизнес-моделінен басты айырмашылығы - шығындарды барынша азайту болып табылады. Әуе билеттерінің құнын арзан бағамен төмендетуге бірнеше факторлар арқылы қол жеткізіледі:

- әуе кемелерінің жоғары сыйымдылығы;

- интернет арқылы билеттерді сатып алу;

- әуе компаниясының жолжүк бағасын белгілеу құқығы;

- туристік агенттіктерге комиссиялардың берілмеуі;

- қосылыс рейстерінің болмауы;

- кемедегі бірыңғай (үнемдік) орындықтар;

- әуе кемесінің минималды экипажы;

- әуе кемелеріне жердегі қысқа мерзімде қызмет көрсету;

- барлық қосымша қызметтерді (багаж, борттағы тамақ немесе кабинадағы орынды таңдау және т.б.) ақылы ету;

- жаңа әуе кемесінен тұратын ұшақ паркі, олардың барынша бірдей болуы;

- электронды билетпен ғана қамтамасыз ету», - делінеді хабарламада.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында төмен бюджетті Fly Arystan ұлттық авиакомпаниясы іске қосылатынын мәлім еткен болатын.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир