Алматы қаласының Түрксіб ауданында 18 көшеде ұзындығы 24 км жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгінгі таңда жол төсемін асфальттау жұмыстары ұзындығы 7.7 км болатын Сейфуллин даңғылы, Арал көшесі және Байрон көшесінде жүргізілуде. Жалпы жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқталады», — деді қала басшысы.
Түрксіб ауданындағы жөндеу жұмыстары 30 мың шаршы метрден асатын жолдарда аяқталды, қалған 10 мың шаршы метрді жөндеу қазан айының соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, осы кезеңде 5 магистральдық көше бойында техникалық тротуарлар салу жоспарланған. Жұмыстар Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай, Майлин, Шолохов және Ақан сері көшелеріне қатысты. Техникалық тротуарлар эстетикалық көрініс үшін және көшелерді тазалау кезінде химиялық реагенттерден жасыл кеңістікті сақтау үшін қажет.