|
25.06.2019 | 10:30
2928

Алматының теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өтеді

Бұл бағыттағы қадам вокзалдарды мегаполистің көліктік инфрақұрылымының бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді

Алматының теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өтеді  фото из открытых источников

1 шілдеден бастап Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл бағыттағы қадам вокзалдарды мегаполистің көліктік инфрақұрылымының бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Аталмыш нысандардың әкімдік меншігіне өту себебінің бірі  вокзалдардың күрделі жөндеуді қажет етуінде. Күрделі жөндеуден өткен жағдайда нысандардың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі артып, оларға жайлы жағдай жасауға жол ашады. Алматы-1 вокзалын күрделі жөндеу арқылы заманға сай конкорсты және жер асты өту жолдарын кеңейту, эскалаторларды орнату көзделіп отыр», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қала әкімінің тапсырмасымен Алматы-1 вокзалының күрделі жөндеуіне кететін шығын оңтайландырылған болатын. Сонымен қатар, нысанның дизайнына арналған шығын да қысқартылған. Вокзалдардың дизайны заман талабына сай жасалмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир