Алматыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынамақ
Елордадан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
«2019 жылдың 19 және 20 шілде күндері № 202/201 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Алматы-2» бағыты бойынша екі жолаушылар пойызы сапарға шығады. Жөнелту уақыты – 17 сағат 16 минутта. Екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған. Вагондар заман талабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар», - делінген компания хабарламасында.
Айта кетсек, Алматыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынамақ.