Алматының орталық көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Көлік қозғалысы жол жөндеу жұмыстарына байланысты шектеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Розыбакиев көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағат 22.00 мен 10 қыркүйек сағат 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. 

Алматы қалалық мобильдік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұрайды.

Новости партнеров