Елімізде жаз айларында қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Атап айтсақ:
- «Алматы –Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта – Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады. Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады.
- №457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолда жүру уақыты - 17 сағат 13 минут.
- №459/460 «Өскемен-1 – Достық» бағытындағы пойыз 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолда жүру уақыты - 18 сағат 57 минут.