Оқыс оқиғаға байланысты жолаушылар пойыздары тоқтатылды
17 шілдеде сағат 01:29-да Шу ауданындағы Аспара станциясында «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиғаға байланысты жолаушылар пойыздары тоқтатылды.
Жамбыл облысы ТЖ департаментінде азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Жолдан шығу оқиғасы жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұрі. Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды», - делінген хабарламада.
Жедел желінің байланыс нөмірлері: 8 (7262) 51-35-75 8 (7262) 51-41-67