Саин көшесінде көлік қозғалысы тағы да шектеледі
Depositphotos.com
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Саин көшесінде көлік қозғалысы уақыша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың Оңтүстік-Батыс бөлігінде 3 қазан сағ. 21:00 мен 4 қазан сағ. 06:00 аралығында, ал аталған жолайрықтың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде 4 қазан сағ. 21:00 мен 5 қазан сағ. 06:00 аралығында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.
«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45