Fly Arystan-ға 3 млн теңге айыппұл салынды

astanatimes.com
astanatimes.com
Алматы-Атырау бағыты бойынша рейс 12 сағат 9 минутқа кешіккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Азаматтық авиация комитеті әуе рейстерінің кешігуіне байланысты жүріп жатқан тергеудің барысы туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру әуе тасымалдаушыларын жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту ісін жалғастыруда. 2022 жылдың 16 шілдесінде Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесі Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсін 12 сағат 9 минутқа кешіктіргені анықталды. Ал ұшақты осынша уақыт бойы күткен жолаушыларға ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүй ұсыну қызметтері тиісінше ұсынылмаған», - деп жазылған комиететтің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осылайша, әуе компаниясына 4 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) айыппұл салынған.

«Бұл Air Astana тобын әуе рейсіне жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін өткен айда салынған төртінші айппыұл», – дейді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Бұған дейін Air Astana компаниялар тобына жыл басынан бері рейс кешіктіріп, жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 9 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Новости партнеров