Алматыда үш автобус бағыты өзгерді

Автор Владислав Захаров; fotobus.msk.ru
Автор Владислав Захаров; fotobus.msk.ru
Солардың бірі - Bata Trans №133 ЖШС компаниясы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда үш автобус бағыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының көлік холдингі 13 сәуірден бастап үш автобус бағыты өзгеретінін хабарлады. Солардың бірі - Bata Trans №133 ЖШС компаниясы. Ол Бекболат көшесінен Қаракөз көшесіне - Ахметов көшесіне - Тайқазан көшесіне - Алтай көшесіне - Серіков көшесіне дейін барып, одан әрі сызба бойынша жүреді. Кері бағытта да осылай.

"Алматыэлектротранс" ЖШС-нің екі бағытының схемасы да өзгертілді.

№44 - Құрманғазы көшесінен Байтұрсыновқа бұрылып, Абай даңғылына қарай жылжиды, одан әрі сызба бойынша жүреді.

№137 - Рысқұлов даңғылы бойымен қозғалып, Құлжа тасжолымен бұрылып, қарсы бағытта қозғалып, Жаяу Мұса көшесіне бұрылып, Жетісу базарының алдынан бұрылып, Рысқұлов даңғылына қарама-қарсы бағытта жүреді.

Новости партнеров