Өскеменде әуе рейстері уақытша тоқтатылады

31.07.2020 16:08

Әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта құрылады

skyships.ru

Өскемендегі әуежайда ауқымды реконструкция жұмыстары басталды. Осыған байланыста облыс орталығындағы барлық рейстер тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews сайтына сілтеме жасап.

Рейстерді бұл кездері Семей қаласында қабылдайтын болады.

Айта кетсек, әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта құрылады. Жолақ кеңейтіліп, ұзартылмақ.