Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалған
2,1 млн-ға жуық қазақстандық «42 500 теңге» біржолғы төлемін алды. Бұл туралы Almaty.tv Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
31 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалған. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылған.