|
18.02.2022 | 11:16
1070

Әуе компанияларына жолаушылардың "қара тізімін" жасауға рұқсат етілуі мүмкін

Азаматтық авиация комитеті тиісті заңнамаға түзетулер әзірледі

Әуе компанияларына жолаушылардың "қара тізімін" жасауға рұқсат етілуі мүмкін © AFP 2022 / HECTOR RETAMAL

Елімізде әуе компанияларына ұшуға шектеу қойылатын адамдардың жеке тізімін жасауға мүмкіндік беретін норма енгізілмек. Оған ұшақта тәртіп бұзған және онысы заңмен дәлелденген адамдар ғана енуі тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv.

ИИДМ мәліметінше, Қазақстанда әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында қазір 6 нысанда жұмыстар жүріп жатыр. Олар - Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Орал әуежайының терминалын, Қостанай әуежайының аэровокзал кешенін, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын, Үржар және Үшарал әуежайларын жаңғырту жобалары.

Кеңесте саланы әуе отынмен қамтамасыз ету, тарифтік саясат және мамандарға қатысты мәселелер талқыланды. Жыл сайын мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты авиаотын тапшылығы туындайды. Қазір жағдайы біршама тұрақтанды, алайда мәселені жүйелі шешу үшін ҚР ИИДМ қысқа және ұзақ мерзімді перспективаға ұсыныстар дайындап, олар ҚР Энергетика министрлігімен бірге пысықталуда.

Алдағы екі жылда ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейін 90%-дан асырып, ИКАО аудитінен сәтті өту негізгі міндет болып отыр. АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық жалғасады.

Сондай-ақ "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және инфрақұрылымдық объектілердің жаңғыртылуына қарай пандемияға дейінгі деңгейдегі халықаралық қатынасты қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолаушы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир