Алматыда №32 бағыт бойынша жаңа автобустар жүре бастады

06.11.2019 16:34

Көптеген өтініштер бойынша 32 бағыттың паркі 100 пайызға жаңарды

пресс-служба акима Алматы

Негізі 22 жоспарлы көлік бірлігі қозғалады, тағы екеуі резервте, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» қондырғысы орнатылған соң қоғамдық көліктер жұмыс істеуге дайын болады.

Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және бейнебақылау камералары орнатылған.

Сыйымдылығы - 104 адам, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3 орын бар.