Тәжікстанның шекара бекетінде 17 адам қаза тапты

06.11.2019 16:45

20 адамнан құралған қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасаған

РИА Новости

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 20 адамнан құралған қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол Душанбенің батысынан 60 шақырым жерде орналасқан «Султанабад» шекара жасағына қарасты бекет. Күштік құрылымының операциясы барысында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды.  Қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір тәртіп сақшысы қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылды, тергеу жүріп жатыр.