Қазақстанда ұшақта 20 келі багажды тегін тасуға тыйым салынбақ
Zakon.kz
Мәжіліс пен Сенат бұл өзгерістерді мақұлдап үлгерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сенат багаж құнын әуе тасымалдаушылардың өздері бекітуді көздейтін заң жобасына түзетулерді мақұлдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 баптың 4 бөлігі жаңа редакцияда былай жазылды: Әуе көлігінде қол жүгі мен багажды тегін тасымалдау нормасын, салмағы мен көлемін тасымалдаушы бекітеді.
Бұрынғы заңда салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгін тегін тасымалдау бекітілген болатын.
Осылайша, ұшақта багажды тегін тасуға болмайтын сияқты.
Мәжіліс депутаты Павел Казенцев авиабилеттер құнын осылайша төмендетуге болады деп санайды. Алайда бұл түзету қабылданып кетсе, қазақстандықтар багажының әр келісіне ақы төлеуге мәжбүр болмақ, ал әуе тасымалдаушыларының тарифтерін төмендететініне ешқандай кепілдік жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25