|
29.01.2022 | 11:41
3418

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады  Polisia.kz

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

Жоспарлануда:

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау; 

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау; 

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау; 

– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда; 

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату; 

– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана; 

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир