Қазақстан қосымша бак орнатылған көліктердің ел аумағына кіруіне тыйым салмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазіргі уақытта министрлік жанар-жағармай материалдары саласын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды әзірледі. Оның ішінде бензин мен дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеуді белгілеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу бойынша тиісті бұйрықтар қабылданды», – деді министр.
Сонымен қатар Болат Ақшолақов бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу бойынша тиісті бұйрықтар қабылданғанын еске салды.
Оның айтуынша, бүгінде АИ-80 маркалы бензин литріне 89 теңге, АИ-92 мен АИ-93 литріне 182 теңге, АИ-95 литріне 215 теңге және дизель отыны литріне 230-260 теңге болып белгіленді.
Сондай-ақ министрлік ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдермен салыстырғанда бағаның бірдей болмауына байланысты жанар-жағармай ағынына бақылау жүргізу үшін қосымша іс-шаралар қабылдауды ұсынды.
"Олар: өздігінен орнатылған бактары бар көліктің кіруіне тыйым салу; транзиттік көлікпен тәулігіне 1 реттен артық өтуді шектеу; кейбір мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттық кеден бажын төлемей, темір жол көлігімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; уәкілетті органдар тарапынан шекараларда мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды бақылауды күшейту", – деді Ақшолақов.