Алматыда Құлжа тасжолында уақытша жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаяу жүргіншілер тасжолдың оң жағындағы тротуар бойымен жүреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құлжа тасжолының бойында жаяу жүргіншілер жолағы пайда болады. Оны  «Аспан Сити» ТК құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өз есебінен салатын болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бүгінде Бұқтырма көшесі мен Құлжа  тасжолының қиылысындағы жолайрығы бойымен барлық бағытта  көлік қозғалысы ашық. Сонымен қатар, бекітілген жобаға сәйкес барлық жаяу жүргінші өткелдерін жайластыру бойынша жұмыстар да орындалды.

Құлжа тасжолы бойынша оңтүстік және солтүстік бөліктерінде жаяу жүргіншілер қозғалысы №3, 4 съездер арқылы эстакаданың астындағы «зебра» бойымен жүзеге асырылады.

Жолайрығы шегінде жаяу жүргіншілер қозғалысы оң жақ съездер бойындағы тротуарлар бойынша жүзеге асырылады - қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысы жоба бойынша  қамтамасыз етіледі. Сондықтан жобаға сәйкес, уақытша жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында ақпараттық тақтайшалар орнатылды

Новости партнеров