Бір аптада көктайғақтың кесірінен жол апатынан 39 адам мерт болып, 158 адам жарақат алған
Қазақстанның үш өңіріндегі республикалық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынған жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар комитеті бұған ауа райының қолайсыздығы себеп деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондықтан аталған ведомство көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Өскемен-Шемонайха трассасында жүруге көліктің барлық түріне тиым салынған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан-Ерментау-Шідерті және Қызылорда-Павлодар күре жолы жабық тұр.
Естеріңізге сала кетейін екі күн бұрын ғана ішкі істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша бір аптада көктайғақтың кесірінен орын алған жол апатынан 39 адам мерт болып, 158 адам жарақат алған. 1000-нан астам көлік жолда қалып 104-көлік апаты орын алған.