|
26.05.2022 | 12:09
587

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады - ИИДМ

Рейстер әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады - ИИДМ ашық дереккөз


Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстаннан Грек Республикасына жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиация саласында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.

Дереккөз: Azattyq Rýhy


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир