|
13.04.2023 | 14:28
2343

Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылады

Бұл туралы Ерболат Досаев айтты

Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылады ulysmedia.kz

Сәуірдің 13 күні Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғынның сұрағы:

Ең жоғары жүктеме сағатында қала жолында кептелістер пайда болады. Маятник қозғалысын реттеу үшін ақылды бағдаршамдарды орнату туралы ұсынысым бар.

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың жауабы:

Қала орнында тұрмайды. Мәселе бар. Біз оның шешімін белсенді түрде іздейміз. Жыл соңына дейін біз бағдаршам шаруашылығында жасанды интеллектті қолдану туралы толық мәліметті аламыз. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар, тек Алматыда ғана емес, трафикке ең жоғары жүктеме кезінде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде өзгерген кезде де бар.

Қағаздарыңызды менің орынбасарым Асқар Әмринге тапсырыңыз, ол сіздің ұсынысыңызда не пайдалы екенін зерттейді,  анықтайды. Егер сіздің ұсыныстарыңызда ұтымды ұсыныс болса, біз қолданатын боламыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир