Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 78,8%-ға артық
Қазақстанда автомобиль өндірісі 80%-ға артқан. Бұл туралы Energyprom.kz. ресурсы жариялады.
«Өткен жылды қорытындыласақ, Қазақстанда 30 мың автомобиль құрастырылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 78,8%-ға артық. Негізі өндіріс ШҚО-да орналасқан. Мұнда бүкіл Қазақстанның 60,8%-ы шоғырланған. Яғни бір жылда 18,3 мың авто шығарылған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 59,9%-ға артық», - делінген хабарламада.
Өскеменде елдегі ең ірі екі зауыттың бірі - «Азия Авто» АҚ істеп тұр. Жыл соңына дейін аталған зауыттың өндірістік қуатын 30 мыңға жеткізу көзделген.
Қостанай облысында 11,8 мың авто шығарылған. Мұнда «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жұмыс істеп тұр. Зауыт соңғы жылы 2,2 есе өсім көрсетті.
«КазАвтоПром» одағының төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, отандық автоөндіріс саласы қарқынды дамып келеді.
«2018 жылғы көрсеткіш (дағдарысқа дейінгі) 2014 жылға дейінгі межеге жетіп қалды. 2019 жылы нарық одан әрі дамып, жеңілдікпен берілетін автонесиелердің саны артып, жылына 40 мың автомобиль өндіруге мүмкіндік беруі ықтимал», - деді ол.
Айта кету керек, қазақстандық автоөндіріс былтыр сұраныстың 52,4%-ын қамтамасыз етті. Осының арқасында импорт көрсеткіші 3,3%- төмендеді.
Қазақстандықтар арасында былтыр Lada көлігіне сұраныс өте көп болған. Екінші орынға Toyota табан тіреді. Үшінші орында Hyundai алды. Үздік бестікті KIA мен GAZ түйіндеді.
Былтыр қазақстандықтар 27,2 мың техникасын жоюға өткізген. Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе тұрғындары автокөлік сатып алуда аса белсенділік көрсеткен.