|
Transport
29.04.2019 | 12:23

Мамыр айындағы мерекелер кезінде қосымша пойыздар жолға шығады

Мамыр айындағы мерекелер кезінде қосымша пойыздар жолға шығады

Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар шығарылады және жолаушылар көп болатын бағыттардың пойыздарына қосымша вагондар тіркеледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі.

«Екі бағыт бойынша қосымша пойызшығарылады. Бұлар : №205/206 «Алматы-2-Түркістан» бағыты бойынша «Алматы-2-ден 2 және 9 мамыр күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 3 және 10 мамыр күндері жолға аттанады. №207/208 «Ақтөбе-Бейнеу» бағыты бойынша Ақтөбеден 30 сәуір, 2, 4, 7 және 9 мамыр күндері, ал Бейнеуден сәйкесінше 1, 3, 5, 8 және 10 мамыр күндері жолға шығады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қаламаңы тасымалы бойынша бір бағыттағы №7510 «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар» пойызы «Нұр-Сұлтан-1» ден 8 мамыр күні жөнелтіледі.

Алдағы мамыр мерекелеріндегі сұранысты ескере отырып жолаушы көп жүретін бірқатар бағыттарға қосымша вагондар тіркеледі.

Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан ала аласыздар (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін). Еске сала кетсек, мамыр айында Қазақстан халқы бірлігі күні, Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні аталып өтіледі.