Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады
ашық дереккөзден
Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізеді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылатыны жазылған.
Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.
Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40