Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» күрежолы жабылды
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» күрежолы жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«30 қараша күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолы жабылды», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған ведомствоның өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
«Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53