Алматыда 4 мыңнан астам қауіпті жүргізуші анықталды

07.04.2023 17:42

Биыл қалада 4123 құқық бұзылғанын анықталды

polisia.kz

Алматыда 4 мыңнан астам қауіпті жүргізуші анықталды. “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі арқылы Алматыда төрт мыңнан астам қауіпті жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан жүргізушілерді, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр. Қорғау – Қауіпті жүргізуші” кешені жыл басынан бері қала жолдарында 4123 құқық бұзылғанын анықтады. 

Еске салайық, “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” – патрульдік полицейлердің қызметтік планшеттеріне орнатылған және “Сергек” аппараттық-бағдарламалық жүйелерімен біріктірілген автоматтандырылған жүйе. Оның жұмыс істеу принципі келесідей: жүйе іздеудегі көлік ағынындағы көліктерді анықтайды және деректерді полиция операторы үшін серверге жібереді. Іздеудегі көлік табылған кезде оператор патрульдік қызметкерлерге белгі береді.

 “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” тәртіп бұзушыларды, жалған нөмірлерді, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың автокөліктерін, сондай-ақ іздеуде жүрген көліктерді анықтайды. Жүйенің негізгі функцияларының бірі – қауіпті жүргізушілерді анықтау. Сондай-ақ полицияда, мамандандырылған алгоритмдерді пайдалана отырып, автоматтандырылған бағдарламалық кешен жолдарда апаттық жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтайтынын айтты. Жүйе берілген радиуста олардың орналасуын көрсетеді. Полиция қызметкері өз кезегінде мұндай көліктерді тоқтатып, ықтимал апат болмас бұрын алдын алу шараларын қолдана алады. 

Сонымен қатар, ақпан айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғасы деңгейін төмендетуге бағытталған патрульдік көліктерге жаңа “Сергек-Патруль” кешендері орнатылды. Жоғары интеллектілі камералардың көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу белгісі “қолдан жасалған” болуына, техникалық байқаудың, сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың, ұрлық және қандай да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексеріледі.

Дереккөз: Алматы ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыздар: Такси апа: 40 жылдан бері жол ережесін бұзбаған кейуана құпиясын айтты