Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазір машинаны заңдастыру үшін полицияға онлайн өтінім беру мүмкіндігі қаралып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ішкі істер министрлігі аталған мәселе бойынша қазақстандықтарға біраз жеңілдік жасауға уәде берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов қазір бірқатар құжаттарға өзгеріс енгізуге дайындық жүріп жатқанын айтты. Ол құжаттар қатарында Экология және Салық кодексі де бар.

Kolesa.kz хабарлауынша, аталған жұмыс 2023 жылғы қаңтарда аяқталады, ал шетелдік машиналарды заңдастыру да сол уақытта басталады.

Бағасы қанша болады?

С. Түсіповтің айтуынша, полиция елге 1 қыркүйекке дейін кірген автомобильдер тізімін жасап қойған. Кейін келгендер жалпы тәртіпте тіркеледі. Келер жылдың басында тұрғындар шетелдік көлігін заңдастыру үшін 200-250 мың теңге көлемінде бастапқы тіркеу алымын ғана төлейді. Утиль алымы сұралмайды. Бірақ ЕЭО тауары саналмайтын көлік иелері кеден салығын төлеуге міндетті.

Қандай көліктерді заңдастырады?

Тіркелетін автомобильдің жасы мен экологиялық класына қатысты талап жоқ. Басқа талаптар бойынша шешім ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылданады. «Криминалды» және кедендік тазартудан өтпеген көліктерді заңдастырмайды.

Сатуға рұқсат бере ме?

Қазір машинаны заңдастыру үшін полицияға онлайн өтінім беру мүмкіндігі қаралып жатыр. ІІМ арнайы байланыс орталықтарын құруға да ниетті. Құзырлы орган тіркелген техникаға кәдімгі ақ нөмір береді және қандай да бір шектеу қоймайды.

Жауапқа тарта ма?

ҚР ІІМ ӘПК басшысының орынбасары жуық арада шетелдік көліктерге қатысты тексеріс болмайтынын атап өтті. Тәртіп сақшылары әзірше түсіндіру жұмысын ғана жүргізеді.

Новости партнеров