|
20.08.2019 | 12:31
898

Енді жаңа көлікті автосалонда тіркетуге болады

Енді жаңа көлікті автосалонда тіркетуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» астаналық көлік иелері үшін тамыз айының басынан жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді автосалоннан жаңа автомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады. Бұрын жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚКО-ға бару керек еді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмыс істеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді», - делінген хабарламада.

Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы автосалонда көлік сатып алатындар үшін қолжетімді. Таяу арада бұл жоба, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында іске қосылатын болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир