|
24.05.2019 | 12:57
15320

Ит-мысығыңызды сапарға ала шыққыңыз келсе...

Жануар иесі бір купені толық сатып алуы қажет

Ит-мысығыңызды сапарға ала шыққыңыз келсе... фото из открытых источников

Алдағы жаз маусымына орай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржолда үй жануарларын тасымалдау  шарттарын ескертеді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.

Жолаушылар пойызының купелерінде ит, мысық, құс сияқты жануарларды алып жүруге рұқсат берілген.  Алайда,  мұндай тасымалдың өзіндік ерекшеліктері бар. ҚР инвестиция және даму министрінің «Жолаушылар және жүк тасымалы» Ережесінің №545 бұйрығына сәйкес, үй жануарлары тасымалданған кезде міндетті түрде мына баптарды ескерген жөн:

- тасымалданатын жануарлардың ветеринариялық құжаттары болуы керек;

- жануар иесі арнайы бір купені толықтай сатып алуы қажет (басқа жолаушылардың  аллергиясын алдын алу үшін);

- жануарлар арнайы жәшіктер мен қораптарда тасымалдануы керек.  

Қала маңы пойыздарында үй жануарлары иелерімен бірге арнайы жәшіктерде тасымалданады.  

Ірі тұқымды иттер вагон тамбурында тасымалданады. Оларға міндетті түрде тұмылдырық кигізіліп, қарғы баулары берік байланады.  Сол вагонда отырған иттің иесі әр уақытта оны қадағалуы тиіс.  

Сондай-ақ зағип жандарды жетектеген иттер тегін тасымалданады. Алайда оларға да тұмылдырық кигізіліп,  қарғы бауы қысқа болуы шарт.  

Ал, басқа жануарлар тек жүк вагондарында тасымалдануы шарт.  

Барлық керекті ақпаратты біздің Youtube-каналымыздан көре аласыздар (https://www.youtube.com/watch?v=fHbv281dMv8) не болмаса 105 нөміріне хабарлассаңыз болады.

Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларға өз сапарларын алдын ала болжап, ертерек билет алуды ескертеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир