Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды

19.01.2022 17:35
tengrinews.kz

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты жүргізілуіне кейбір көше жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;

Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз", – делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.