Бұл жұмыстар 2021 жылдың аяғында аяқталады
Алматыда 170 шақырым троллейбус желілері жаңартылып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласында қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында басқарма қоғамдық көліктердің бағыттық желісін оңтайландыру тұжырымдамасын әзірлеуді бастады.
«Биыл «АлматыЭлектроТранс» ЖШС автобус паркіне жергілікті бюджет есебінен газбен қозғалатын 150 жаңа автобус сатып алуда», – деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.
Троллейбустарға келер болсақ, ұзындығы 172 шақырым болатын троллейбус желілерін жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстар 2021 жылдың аяғында аяқталады.
Желіні жөндеу жұмыстары троллейбустардың қозғалысына әсер етпейді.
Қазір Алматыда 195 троллейбус бар.