Елімізде жаңа автокөлік сатылымы 8%-ға төмендеді

© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Сәуір айында 9 212 жеңіл көлік пен коммерциялық техника сатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда биыл бірінші тоқсанда жаңа автокөліктер сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Елде сәуір айында жаңа көліктер сатылымы 8,9 пайызға азайған. Жалпы саны 9 212 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатылды.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметінше, соңғы уақытта көлік импорттаушылары тарапынан бәсеңдік байқалады. Соған қарамастан алғашқы төрт айдың сату көрсеткіші - 31 582 көлік. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға төмен.

Үш ай үзілістен соң сатылым көрсеткіші бойынша үздік бренд бестігін Chevrolet бастап тұр - 3004 дана (өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда +13,3%). Екінші орында Hyundai – 1 802 автокөлік (- 21,7%), үшінші орында Кiа – 968 дана (+27,2%).

Toyota бренді 3 950 дана (-23%) автокөлік сатып, төртінші орыннан көрінсе, үздік бестікті Lada аяқтап тұр – 798 дана (+98%) .

2022 жылдың сәуір айында ең көп сатылған автокөліктер:

Chevrolet Cobalt – 2111 дана;

Hyundai Elantra – 468 дана;

Kia Sorento – 442 дана;

Chevrolet Nexia – 418 дана;

Hyundai Sonata – 376 дана;

Toyota Camry – 349 дана;

Lada Granta – 329 дана;

Hyundai Accent – 275 дана;

Kia Rio – 232 дана;

Hyundai Santa Fe – 195 дана.

Новости партнеров