Қазақстан әуежайларында авиация қауіпсіздігі күшейтілген шаралары 10 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
«Бұл шаралар ҚР авиация қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асып жатыр. Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді. Аэровокзалдың кіреберісінде тексерудің бірінші желісі орнатылып, әуежайлардың бақыланатын және бақыланбайтын аймақтарында патрульдеу жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Аталған шаралар 2019 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.