Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазір ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысындағы Күрті-Бурылбайтал, Күрті-Қапшағай, Үшарал-Достық және Шамалған станциясының айналма жолдары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды  Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Күрті-Бурылбайтал аралығындағы 143 шақырым жолдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. 

«Бұдан бөлек, Күрті-Қапшағай (67 шақырым) жобасының бір бағыттағы қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Үшарал-Достық (180 шақырым) тасжолында қозғалыс ашылады», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қазір ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан да пайдалануға берілмек. 

Айта кетейік, бұған дейін Шамалған станциясындағы жол-көлік апатынан соң жаңа көпір салынып жатқаны туралы хабарланған болатын.

Новости партнеров